Мазмұнға өту
sko_sud

sko_sud

Сайтта 2014 ж. 10 қазанКазахстан, Петропавловск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

180

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

0

П.В. Трусовқа, С.В.Патюткоға қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз-релизі

2015 жылдың 20-ақпанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Трусов Павел Валерьевич ҚР ҚК-нің 324 бабының 2бөлімі, 325 бабының 2 бөлімі, 351 бабының 1 бөлімімен қаралған қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда пайдакүнемдiк мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесiнде ресми құжаты жасыру, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша құқықтар беретiн ресми құжатты қолдан жасау, сонымен қатар көрiнеу жалған сөз жеткiзу бойынша кінәлі деп танылды. П.В.Трусовқа жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК-нің 58 бабының 2 бөлімін қолданып 2 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өткізу түріндегі жаза тағайындалды. Патютко Сергей Вячеславович ҚР ҚК-нің 325 бабының 2 бөлімімен қаралған қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша құқықтар б…

0
0
454

Жаңа заңдылықтардың құқық қолдану мәселелері бойынша

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық процесстік заңнамаларындағы жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге судьялар, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару жүйесінің, сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараны аша отырып аудандық соттың судьясы Қ.Ә.Әбубәкір осы кездесу Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық процесстік кодекстеріндегі жұмысты реттейтін жаңа заңдылықтардыдың нормаларын қолданудың тәжірбиелік мәселелерін қарау мақсатында өткізіліп отырғанын атап көрсетті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық – процесстік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер…

0
0
405

Петропавл қалалық сотының ұжымы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті

Петропавл қалалық сотының ұжымы жақсы дәстүрге айналған «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-гі тәрбиеленушілермен кезекті кездесуге барды.
Кездесу еркін, тату атмосферада өтті. Балалар қонақтар сыйлаған тәттілер мен ыстық шай үстінде мектеп-иетернат өмірінің соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Петропавл қалалық сотының ұжымы балалар үйінің балаларымен кездескенде жұдырықтай жүректеріне жетіспейтін қамқорлық пен махаббатты беруге, көңіл бөліп, қамқор болуға тырысты.
Отбасымен және тәрбиешілермен осындай тату қарым-қатынастан кейін сот ұжымы балаларға ары қарай қандай да болсын қажет көмек және қолдау көрсететіндеріне сендірді.
Балалар өз кезегінде достарына кездесу үшін алғыстарын білдіріп, келесі кездесуді тағатсыздана күтетіндерін айтты.
0
0
359

А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

2015 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында Петропавл қалалық сотының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы үкімімен ҚР ҚК 103 бабы 1 тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыруға сотталған А.С. Джанунцқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Аталған үкіммен А.С. Джанунц Петропавл қаласында 2014 жылғы 30 сәуірде М. Магаевтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Қылмыс бұрынға жақтырмаушылық қарым-қатынастан туындаған жанжал кезінде жасалған. Ұрыс барысында екі қатысушы да өздерінде болған пышақтарын пайдаланып, бір-біріне денсаулықтарына аса ауыр зиян келтірген жарақат салған. Бұдан бұрын сипатталған оқиға бойынша 2014 жылғы 6 қарашада үкім шағарылған, оған сәйкес М. Магаев А.С. Джанунцтың де…

0
0
332

Жауапкершіліктен қашқысы келді

Жамбыл аудандық соты ҚР ӘҚБтК 613 бабы 7 тармағымен көзделген көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған, полиция органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау фактісі бойынша А. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. Осылайша, азамат А. бұрын көлікті басқару құқығынан айрылған болса да, алкогольдік масаң күінде көлікті басқару кезінде полиция қызметкерімен тоқтатылған. Орталық аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін азамат А. медициналық куәландырудан бас тарту арқылы жауапкершіліктен қашпақ болған. Осыған байланысты оған қатысты ҚР ӘҚБтК 613 бабы 7 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот отырысында А. кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен құқық б…

0
0
404

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сотымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген ҚР ӘҚБтҚРК 468-бабының 2-бөлімі бойынша Д. азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Істі қарастыру барысында СҚО Аққайың ауданының Смирново ауылында 2014 жылғы 20 желтоқсанда 19 сағат 10 минутта Д. «VW- Passat» маркалы автокөлікті жүргізіп, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекітілген ережені бұзды, яғни Ж. атты жаяу жүргіншіге соққы тигізгені анықталды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілді. Сот отырысында Д. өзінің кінәсін толық мойындады, жасағаны үшін кешірім сұрады. Қарау нәтижесі бойынша Д. осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкім…

0
0
400

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында жылдың қорытындысы шығарылды

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында 2014 жылғы 12 айдағы сот жұмысының қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізілді. Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы М.Н.Рамазанов өткен жылғы соттың жасаған жұмысы туралы, келіп түскен және аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер санының статистикалық мәліметтерін жариялады, сондай-ақ медиатордың қатысуымен істерді қарау тақырыбы қозғалды. Сот төрағасы негізгі жұмыспен қатар, Айыртау ауданының №2 аудандық соты аудандық БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста болды, жыл ішінде брифингтер, дөңгелек үстелдер, «ашық есік күндері» және сот жүйесінің бейнесін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Сотпен «Сот жаршысы» атты ай сайынғы басылымдық жарияланым ұйымдастырылды. Осылайша, 2014 жылғы қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта 11…

-1
0
308

Өзекті тақырыпқа қатысты өткізілген әңгімелесу

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.М.Жәнібекова Қазақстан-Петропавл телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасында сөз сөйледі. Әңгімелесудің тақырыбы – балалар қылмысы болды. Әңгімелесу барысында балалар қылмысының пайда болу себептері қарастырылды және оны шешудің кейбір жолдары талқыланды. Несібелді Марданқызы жасөспірімдердің проблемаларына немқұрайды қарамау керек, барлығымыз бірлесіп, қылмыстардың алдын-алу үшін, қажетті жұмыстар жүргізу қажет екенін айтып өтті. Жасөспірімдер жасаған қылмыстарды алдын-алумен айналысатын барлық органдардың бірізді іс-әрекеттері қажет. Сондай-ақ, Н.М.Жәнібекова 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған қылмыстық істердің саны азайғаны…

0
0
396

Мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 467 бабының 6 бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің заңды еңуіне дейін, тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде, алкогольдік күйде көлік кұралын басқару үшін 20 тәулік мерзім әкімшілік қамауға алу санкция қарастырылған. Бірақ, 2015 жылдың қантар айының 1 бастап, тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде, алкогольдік күйде көлік кұралын басқару үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, оның санкциясы 500 айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерінде айыппұл салу немесе 991 000 тенге, немесе сол көлемде түзеу жұмыстар, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылу, немесе 3 жыл мерзім…

0
0
504

Судьялар одағы филиалының отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Судьялар одағы филиалының отырысы өтіп, жиналғандар 2014 жылдың қорытындысын шығарды. Өткен жылдың ішінде филиал 23 іс-шара өткізгені айтылды. Нақты істер бойынша сот төрелігін атқару үрдісіне ықпал етпестен, филиал мүшелері істердің жеке санаттары бойынша сот практикасы жөніндегі мәселелерді талқылауға қатысып, заңнаманы жетілдіру, Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулыларына, атап айтқанда «Сот қарауының жариялығы туралы», «Істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» және т.б. өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізді Сот төрелігін атқару сапасын жақсарту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында филиал кеңесі Қазақстан Республикасының сот оқуы стратегиясын, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және әкімші…

0
0
553