Онлайн- қызметі қеңейтілуде
Жоғарғы Сот қалың бұқараның сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ХҚО) бірлесіп, өзіне-өзі қызмет ету бұрыштарын ашып, енді азаматтар кезек күтпей, Жоғарғы Соттың интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы соттарға талап арызды дербес бере алады. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары ұйымдастырылған және аталған қызмет түрін аудан тұрғындары қолдана бастады. Жамбыл аудандық сотының кеңсесіне «Сот кабинеті» сервисі арқылы 5 талап арыз түсті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы талап арыздарды беруге көмек көрсетіліп,…