Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Судьялар одағы филиалының отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Судьялар одағы филиалының отырысы өтіп, жиналғандар 2014 жылдың қорытындысын шығарды.
Өткен жылдың ішінде филиал 23 іс-шара өткізгені айтылды.
Нақты істер бойынша сот төрелігін атқару  үрдісіне ықпал етпестен, филиал мүшелері істердің жеке санаттары бойынша сот практикасы жөніндегі мәселелерді талқылауға қатысып, заңнаманы жетілдіру, Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулыларына, атап айтқанда «Сот қарауының жариялығы туралы», «Істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы»  және т.б. өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізді
Сот төрелігін атқару сапасын жақсарту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында филиал кеңесі Қазақстан Республикасының сот оқуы стратегиясын, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару және әкімшілік кодекстерінің ережелерін зерделеп, облыстық соттың оқыту орталығымен бірлесе отырып, тақырыптық семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізді.
Соттардың оң имиджін және сот билігінің беделін арттыру мақсатында 2014 жылы филиал облыстық сот төрағасының және баспасөз орталығының тікелей қатысуымен журналистер арасында баспа беттерінде және телевизиялық бұқаралық ақпарат құралдарында сот қызметін үздік жариялау жұмысына байқау өткізді.
Конкурс жүлдегерлері мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Судьялар сот жүйесінің ардагерлерін де ұмытқан емес. Отставкадағы судьялар облыстық сотта ұйымдастырылған барлық іс-шараларға шақырылып, белсенді ат салысты.
Сонымен бірге отставкадағы барлық судьяларға 2014 жылға және 2015 жылдың 1-жартыжылдығына «Юридическая газета» мен «Заң газетіне» тегін жазылу ұйымдастырылды.
Сот жүйесінің жағымды имиджін арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізілді.
Отырыс барысында филиал Кеңесініңжәне ревизиялық комиссияның жаңа құрамы бекітілді, мұнда облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары енді.
Судьялар Одағының Солтүстік Қазақстандағы филиалының төрағасы болып жалпы дауыс беру нәтижесінде облыстық соттың судьясы В.А. Кириленко қайта сайланды, филиал хатшысы болып Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Т. Талеева сайланды.
Облыстық соттың судьясы М.Әкетай судьялар Одағы филиалының төрағасына және Кеңестің жаңа құрамына судьялар қауымдастығын ары қарай нығайтуға, тұрғындардың соттарға деген сенімін арттыруға, қоғамдық өмірге отставкадағы судьяларды тартуға, спроттық-сауықтыру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға  бағытталған қызметтеріне табыс тіледі.
0
0
554

Осы тақырып бойынша

Судьялар одағы филиалының отырысы өтті - Yvision.kz