Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сотымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген ҚР ӘҚБтҚРК 468-бабының 2-бөлімі бойынша Д. азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Істі қарастыру барысында СҚО Аққайың ауданының Смирново ауылында 2014 жылғы 20 желтоқсанда 19 сағат 10 минутта Д. «VW- Passat» маркалы автокөлікті жүргізіп, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекітілген ережені бұзды, яғни Ж. атты жаяу жүргіншіге соққы тигізгені анықталды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.
Сот отырысында Д. өзінің кінәсін толық мойындады, жасағаны үшін кешірім сұрады.
Қарау нәтижесі бойынша Д. осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жуапкершілікке тартылды және оған 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырумен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу тағайындалды.
