Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 467 бабының 6 бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің заңды еңуіне дейін, тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде,  алкогольдік  күйде көлік кұралын басқару үшін 20 тәулік мерзім әкімшілік қамауға алу санкция қарастырылған.
Бірақ, 2015 жылдың қантар айының 1 бастап, тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде, алкогольдік  күйде көлік кұралын басқару үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілік  қарастырылған, оның санкциясы 500 айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерінде айыппұл салу  немесе 991 000 тенге, немесе  сол көлемде түзеу жұмыстар, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылу, немесе 3 жыл мерзіміне бір белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқықтан айырумен 90 тәулікке дейін қамауға алуы қарастырылған.
Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосында  Б. азамат  кешкі кезінде ішімдік ішкен. Содан соң, алкогольдік  күйде, тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде,  өзінің  автокөлігімен, үйінен  шағым ауданға шықкан, сол кезде СҚО ІІД жол- патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.
Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, Б. азамат  орта дәрежелі мас күйінде болған.
Осылайша, Б. азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлімінде қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасаған - тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылған кезінде,  алкогольдік  күйде көлік кұралын басқару.
Осымен, Б. азамат, мінез және қылмыстық қоғамдық қауыптық дәрежесін, айыптаушының тұлғасын, оның қылмыстық теріс қылық жасағаннан кейінгі тәртібін, қылмыстық жауапкершілігін және жазасын  ауыртпаушылығының жоқтығы мен  жеңілдету баршылығын есепке ала тұра, 2015 жылдың 28 қантарында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлімінде қарастырылған  қылмыстық теріс қылық жасаған деп  айыпталды және көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзіміне айырылып, 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, немесе 495500 тенге, айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне еңген жоқ.
0
0
505

Осы тақырып бойынша

Мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды - Yvision.kz