Жауапкершіліктен қашқысы келді
Жамбыл аудандық соты ҚР ӘҚБтК 613 бабы 7 тармағымен көзделген көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған, полиция органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау фактісі бойынша А. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.Осылайша, азамат А. бұрын көлікті басқару құқығынан айрылған болса да, алкогольдік масаң күінде көлікті басқару кезінде полиция қызметкерімен тоқтатылған. Орталық аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін азамат А. медициналық куәландырудан бас тарту арқылы жауапкершіліктен қашпақ болған. Осыған байланысты оған қатысты ҚР ӘҚБтК 613 бабы 7 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сот отырысында А. кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 20 тәулік мерзімінде әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
