Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавл қалалық сотының ұжымы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті

Петропавл қалалық сотының ұжымы жақсы дәстүрге айналған «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-гі тәрбиеленушілермен кезекті кездесуге барды.
Кездесу еркін, тату атмосферада өтті. Балалар қонақтар сыйлаған тәттілер мен ыстық шай үстінде мектеп-иетернат өмірінің соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Петропавл қалалық сотының ұжымы балалар үйінің балаларымен кездескенде жұдырықтай жүректеріне жетіспейтін қамқорлық пен махаббатты беруге, көңіл бөліп, қамқор болуға тырысты.
Отбасымен және тәрбиешілермен осындай тату қарым-қатынастан кейін сот ұжымы балаларға ары қарай қандай да болсын қажет көмек және қолдау көрсететіндеріне сендірді.
Балалар өз кезегінде достарына кездесу үшін алғыстарын білдіріп, келесі кездесуді тағатсыздана күтетіндерін айтты.
0
0
360

Осы тақырып бойынша

Петропавл қалалық сотының ұжымы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті - Yvision.kz