Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында жылдың қорытындысы шығарылды

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында 2014 жылғы 12 айдағы сот жұмысының қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізілді.
Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы М.Н.Рамазанов өткен жылғы соттың жасаған жұмысы туралы, келіп түскен және аяқталған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер санының статистикалық мәліметтерін жариялады, сондай-ақ медиатордың қатысуымен істерді қарау тақырыбы қозғалды.
Сот төрағасы негізгі жұмыспен қатар, Айыртау ауданының №2 аудандық соты аудандық БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста болды, жыл ішінде брифингтер, дөңгелек үстелдер, «ашық есік күндері» және сот жүйесінің бейнесін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Сотпен «Сот жаршысы» атты ай сайынғы басылымдық жарияланым ұйымдастырылды. Осылайша, 2014 жылғы қаңтар айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта 11 нөмір шығарылды. Облыстың барлық соттары қатысқан аудандық және оған теңестірілген соттардың ішінде жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін байқау-конкурсының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының №2 аудандық соты екінші орын алды. Сондай-ақ, республиканың облыстық және оған теңестірілген соттары ішінде жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін байқау-конкурсының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық соты бірінші орынды иеленді. Өткен жылда сот төрелігін іске асыру жоғары деңгейде өткізілді, процессуалдық мерзімдердің бұзылуы болған жоқ. Заңды және сот практикасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Конференцияны қорыта келе, төраға сот жүйесіндегі жаңа жобалар туралы, өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасында сот төрелігі сот ісін жүргізуі ашықтық және жариялылық принциптерінде құрылғанын айтты. Бұл принциптер өзіндік мақсат емес, сот жүйесінің қызметі туралы оң қоғамдық көзқарасты қалыптастыру құралы болып табылады.
-1
0
310

Осы тақырып бойынша

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында жылдың қорытындысы шығарылды - Yvision.kz