Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа заңдылықтардың құқық қолдану мәселелері бойынша

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлихан аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық процесстік заңнамаларындағы жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге судьялар, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару жүйесінің, сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып аудандық соттың судьясы Қ.Ә.Әбубәкір осы кездесу Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық процесстік кодекстеріндегі жұмысты реттейтін жаңа заңдылықтардыдың нормаларын қолданудың тәжірбиелік мәселелерін қарау мақсатында өткізіліп отырғанын атап көрсетті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық – процесстік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің жаңа редакциясымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексіне енгізілген өзгерістермен, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізуді жаңғыртумен байланысты мәселелерді қарады.
Тергеу судьясы, процес прокуроры лауазымдары, процессуалды келісімге келу, сонымен қатар қылмыстық теріс қылық істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері сияқты қылмыстық құқықтың жаңа институттарын енгізу   мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында модератор осындай кездесулердің нәтижесі жұмыс тәжірбиесінде болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмауға бағытталған маңыздылығын атап өтті.
0
0
406

Осы тақырып бойынша

Жаңа заңдылықтардың құқық қолдану мәселелері бойынша - Yvision.kz