Өзекті тақырыпқа қатысты өткізілген әңгімелесу

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.М.Жәнібекова Қазақстан-Петропавл телеарнасының «Из первых уст» бағдарламасында сөз сөйледі. Әңгімелесудің тақырыбы – балалар қылмысы болды.
Әңгімелесу барысында балалар қылмысының пайда болу себептері қарастырылды және оны шешудің кейбір жолдары талқыланды.
Несібелді Марданқызы жасөспірімдердің проблемаларына немқұрайды қарамау керек, барлығымыз бірлесіп, қылмыстардың алдын-алу үшін, қажетті жұмыстар жүргізу қажет екенін айтып өтті. Жасөспірімдер жасаған қылмыстарды алдын-алумен айналысатын барлық органдардың бірізді іс-әрекеттері қажет.
Сондай-ақ, Н.М.Жәнібекова 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған қылмыстық істердің саны азайғанын айтты.
Балаларды асырап алу мәселесі қозғалды. Соңғы жылдары қазақстандықтардың көп бөлігі балаларды асырап алу ықыласын білдірді.
- Бұл факті, әрине қуантатын жағдай, өйткені мемлекет балаларға қанша қамқорлық көрсетсе де, оларға отбасы және ана махаббаты қажет, - деп Несібелді Марданқызы сөз сөйледі.
