Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Елімізде 5 мыңнан астам үйді топан су басып тұр

Қазір 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, 1 мың аула аумағы мен 91 ғимарат суда қалып отыр.Зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу, энергиямен жабдықтау және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері министрліктің үйлестіруімен жедел шешілуде.Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда.Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр.Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.Құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару кезінде тиімді әдістер мен тәсілдер енгізілді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату және тез арада су бұру…

0
0
431

Елімізде Tik Tok бұғаттала ма?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақстанда Tik Tok бұғаттала ма?" деген сұраққа жауап берді. Фото: SHUTTERSTOCKМинистр Tik Tok-тың бүгінгі беталысы сондай шара қабылдауды қажет етуі мүмкін екенін айтты."Біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқық бұзу фактілері өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның бәрі ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Бұл шешілген дүние емес. Әлі қарастырылып, одан кейін жалпы талқылауға шығарылатын мәселе", - деді Аида Балаева.Сондай-ақ министр осы әлеуметтік желіде есірткі, порнографиялық материалдар таратылатынын, онда ересектер мен балаларға буллинг, экстремистік, әсіре діни сипаттардағы түрлі материалдар бар екенін алға та…

0
0
447

Бишімбаев Нүкеновадан біреумен жаттым деп айтуды талап етіп, оны видеоға түсірген

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта оның ұялы телефоны тексерілді.Коллаж: Qaz365.kzСудьяның айтуынша, айыпталушының телефонындағы бір бейнежазбада Салтанаттың үстінде плащтан басқа киім жоқ екені байқалады.Бишімбаев оны осылай видеоға түсіріп, «Мен Райымбек Батталовпен жаттым» деп айтуды талап етеді. Нүкенова солай деп айтады.Сотталушы басында бұл оның даусын қосып монтаждалған дүние екенін алға тартты. «Бұны біреулер маған қысастықпен әдейі істеген» деді.Бірақ видеоны көргеннен кейін бәрі есіне түсе қалыпты. Сөйтіп, оны өзі түсіргенін мойындады. Осылайша ол өзін қорлауға қорлаумен жауап берген көрінеді. О баста әйелі хәл үстінде жатқан кезде Бишімбаевтың алаңсыз тамақ ішіп отырғаны туралы айтылған еді. Осыған қатысты ол бүгін былай деді:«Салтанаттың өлім аузында жатпағанын көрген соң…

0
0
340

Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының түсіп жатқанын айтты

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды.Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті. Сәуірде екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2% болды. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты. Онда тасымалдаушылар  етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендеге…

0
0
257

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмапты

Бүгін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың кезекті отырысы өтіп жатыр. Онда сотталушы телефонының құпия сөзіне қатысты жыр әлі жалғасуда.Коллаж: golos-naroda.kzБишімбаевтың адвокаттары оның телефонын сот залында тексеру міндетті емес деген пікірін айтты. Бірақ жәбірленуші тараптың қорғаушылары мен прокурор бұған қарсылық білдірді. Олар бұған дейін Салтанат Нүкенованың телефоны жіті қаралғанын алға тартты.Осыдан кейін Бишімбаевтың қорғаушысы оның смартфонына құпия сөзді өзіміз енгізуге рұқсат берілсін деген өтінішін жеткізді. Өйткені басты айыпталушының телефонында оның қасақана қатігездікпен адам өлтіргенін теріске шығаратын дәлелдер бар көрінеді. «Сотқа құпия сөзді айтсақ, ондағы хабарламалар бұрмаланып түзетіліп кете ме деп қорқамыз. Осыған б…

0
0
412

Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

undefined

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші және жалпы мансап жолындағы сегізінші турнирде жеңіске жетті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche автокөлігі тарту етілді.

Біз бұрынырақ мамандардың Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыста қазақстандық теннисші жеңеді деп болжап отырғанын жазғанбыз.

0
0
420

Былтыр 6,5 жылға сотталған қазақ актері жақында бостандыққа шыға ма?

Белгілі актер Асқар Жұмабектің әлеуметтік желідегі парақшасында "Қараңғы бөлмеге түскен күн сәулесі үміт бергендей" деп жазылды. Желі қолданушылары бұл жазбаны жақсылыққа балап, актер жақында түрмеден босатылуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған пікір білдірушілердің барлығы Асқар Жұмабекке осындай тілектерін жазған. Актер мен тағы 6 жігіттің сотталуына 2022 жылы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil мейрамханасында болған оқиға себеп еді. Онда бір топ жігіт төбелесіп қалған. Abai.kz-ның жазуынша, төбелескендердің арасында олигарх Бахаридин Аблазимовтың ұлы Нұрмұхамет Нұғман, Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз болған.Мейрамханада Жармұхамед Аппаз бен диджейдің арасында жанжал шығып, Ыдырысовтың ұлы досы Альберт Крушельницкиймен бірге диджейді дәлізге алып шығып ұрып тастайды.…

0
0
1360

Елде жел күшейеді

Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр.
undefined
Фото: kk.wikipedia.org

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болуы мүмкін.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады», - деді Алина Смағұлова.

0
0
394