Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде 5 мыңнан астам үйді топан су басып тұр

Қазір 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, 1 мың аула аумағы мен 91 ғимарат суда қалып отыр.

undefined

Зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу, энергиямен жабдықтау және көлік қатынасын қалпына келтіру мәселелері министрліктің үйлестіруімен жедел шешілуде.

Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда.

Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр.

Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.

Құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару кезінде тиімді әдістер мен тәсілдер енгізілді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату және тез арада су бұру арналарын салу әдісі қолданылды. Бұл шаралар көлік байланысын қамтамасыз ету мен су басу қаупін азайту мүмкіндігін берді.


https://t.me/qr_tjm

0
0
432

Осы тақырып бойынша