Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші және жалпы мансап жолындағы сегізінші турнирде жеңіске жетті.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 АҚШ доллары. Сонымен қатар жеңімпазға Porsche автокөлігі тарту етілді.
Біз бұрынырақ мамандардың Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыста қазақстандық теннисші жеңеді деп болжап отырғанын жазғанбыз.
