Алматы облысында есірткі зертханасы әшкере болды
Осы жылы 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
ҰҚК баспасөз қызметі

