Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шынықсаң, шымыр боларсың

Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім жеңетініне болжам жасалды

Мамандар Штутгарттағы (Германия) WTA-500 турнирінің финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 4-ракеткасы) мен украиналық теннисші Марта Костюктің (әлемнің 27-ракеткасы) мүмкіндіктеріне баға берді.

undefined

«Букмекерлік кеңсенің бұл матчқа коэффиценті мынадай: Рыбакинаның жеңісі – 1.33, Костюктің жеңісі – 3.38. Осылайша, қазақстандық теннисші бұл сайыстың айқын фавориті саналып отыр», – деп жазады Sports.kz.

Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыс бүгін Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Ал кеше Елена әлемнің 1-ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентекті 6:3, 4:6, 6:3 есбімен ұтқан болатын.   

0
0
405

Осы тақырып бойынша

Штутгарттағы теннис турнирінің финалында кім... - Yvision.kz