Перейти к содержимому
panfilov.amanatkz
panfilov.amanatkz

Панфиловский филиал

@panfilov.amanatkz

Сайтта 2020 ж. 28 шілде

Официальный филиал партии "AMANAT" Панфиловского района Жетысуской области.

рейтинг

250

жазбалар

903

пікірлер

0

тіркелуші

24

жазылымдар

14

«Дауылпаз ақын» атты кітап көрмесі

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ават ауылдық кітапханасы қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110жыл толуына орай «Дауылпаз ақын» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрме бойынша библиографиялық шолу жүргізілді.Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру. Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Кедей, шаруа отбасында туған. Ата – анасынан жастай жетім қалған, кейін интернатта оқып, бастауыш кластың білімін алған. 1927 – 1930 жылдары мал дәрігерлік техникумында оқыды. Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститут та оқыды. Осы жылдарда өлең жазуға талпынған жігіт1932 жылы Алматыға келіп, «Ле…

0
0
232

" Қазақ әңгімесінің қас шебері "

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ават ауылдық кітапханасында қазақтың белгілі жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың туылғанына 85жыл толуына орай " Қазақ әңгімесінің қас шебері " атты тақырыпта сторителинг өткізілді.Мақсаты: жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы оқырмандарға мәлімет беру.Сайын Мұратбеков Талдықорған облысындағы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936жылы 15қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсіріп тәрбиелеген.Сайын Мұратбеков - қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемі мен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс,өзбек, татар, украин, беларусь, грузин, араб тілдерінде жарық көрген. Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалар…

0
0
219

" Ұлы даланың дара ұстазы"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, қазақтың аса көрнекті ағартушы - ұстазы , балалар әдебиетінің атасы, жазушы, этнограф ,қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туылғанына180 толуына орай " Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.Және " Ұлы даланың дара ұстазы" атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин…

0
0
200

" Ең іскер, ең шебер" атты тақырыпта

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен " Айзере" әжелер үйірмесінің жетекшісі Ахметова Роза апайдың үйіне барып " Ең іскер, ең шебер" атты тақырыптасыр- сұқбат өткізілді.Мақсаты : қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға және шеберлікке баулу.Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша…

0
0
295

"Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 7"В"сынып жетекшісі Г.Оңғарбаеваның "Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

#Ұлттық мұра

0
0
372

«Бақытты отбасы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2 іс-шара ұйымдастырып 15 адамның қатысуымен 1 адамға азық-түлік және 5 адамға қатты отынмен көмек көрсетілді. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында барлық 2 іс-шара әлеуметтік желілерге жарияланды.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Панфилов аудандық мәслихат депутаты Иманханов Куат Маметайұлы әлеуметтік жағдайы 1 отбасыға азық-түлік және ақшалай көмек көрсетті.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, «Үлкенағаш» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрахметов Ермек Еркінұлының ұйымдастыруымен және, Еркебанва Раушан Жамбылбайқызының демеушілігімен Әулиеағаш ауылының тұрмысы төмен бес отбасына қатты отынмен қамтамасыз етілді.

#Бақыттыотбасы

0
0
181

экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы

Алматы облысы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бірнеше маңызды мәселелері талқыланды27 қазан күні Алматы облыстық партия филиалында облыстық экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 5 жобаны іске асыру арқылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағына инвесторларды тарту, «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микро кредит бөлу, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру, жұмыс істеп тұрған ШОБ кә…

0
0
152

Панфилов ауданы әкімінің орынбасары МАҒРУПОВА Роза Азаматқызы кезекті қабылдау жүргізді.

26.10.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Панфилов ауданы әкімінің орынбасары МАҒРУПОВА Роза Азаматқызы кезекті қабылдау жүргізді. Қабылдауында Канат Киргизбаев атты азамат денсаулығына байланысты көмек сұрады, мүгедектік және атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге ықпал етуді сұрады. Мәселесін тыңдай келе тиісті мекеме басшылары қабылдауда болды. Құжаттарын рәсімдеуге ықпал ететінін жеткізіліп, мәселелері оң шешімін тапты. Аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы өз бақылауында ұстайтыны жеткізіліді.

0
0
155

«Кедергісіз келешек»

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелеріндегі пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Жакупова Сауле Садыковна Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің орынбасары, Балгазиева Салтанат Каржаубайқызы Панфилов РОЗиСП әлеуметтік…

0
0
199

«Дәнеш ағаның мұрасы»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Пенжім ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әнші, композитор, Қазақстанның халық әншісі Дәнеш Рақышұлының 95 жылдығына орай «Дәнеш ағаның мұрасы» атты тақырыппен тікелей эфирде онлайн сұхбат өткізілді. Сұхбат қонағы әуесқой әнші Төлеген Орысбай.

Ел аузына іліккен ағамыз әлі де ел аузынан түспей келеді. Қазақ өнерінің мұрасына үлес қосқан адам өзі де ел мұрасына айналады.

Бүгінгі сұхбат барысында Төлеген мырза Дәнеш Рақышұлының әндерін нақышына келтіріп орындап берді. Сұхбат өте көңілді әуендермен өте тартымды өтті.

Тікелей эфир фейсбук желісі арқылы өткізілді.

#Ұлттықмұра

0
0
193