Панфилов ауданы әкімінің орынбасары МАҒРУПОВА Роза Азаматқызы кезекті қабылдау жүргізді.
26.10.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Панфилов ауданы әкімінің орынбасары МАҒРУПОВА Роза Азаматқызы кезекті қабылдау жүргізді. Қабылдауында Канат Киргизбаев атты азамат денсаулығына байланысты көмек сұрады, мүгедектік және атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге ықпал етуді сұрады. Мәселесін тыңдай келе тиісті мекеме басшылары қабылдауда болды. Құжаттарын рәсімдеуге ықпал ететінін жеткізіліп, мәселелері оң шешімін тапты. Аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы өз бақылауында ұстайтыны жеткізіліді.
