«Дәнеш ағаның мұрасы»
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Пенжім ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әнші, композитор, Қазақстанның халық әншісі Дәнеш Рақышұлының 95 жылдығына орай «Дәнеш ағаның мұрасы» атты тақырыппен тікелей эфирде онлайн сұхбат өткізілді. Сұхбат қонағы әуесқой әнші Төлеген Орысбай.
Ел аузына іліккен ағамыз әлі де ел аузынан түспей келеді. Қазақ өнерінің мұрасына үлес қосқан адам өзі де ел мұрасына айналады.
Бүгінгі сұхбат барысында Төлеген мырза Дәнеш Рақышұлының әндерін нақышына келтіріп орындап берді. Сұхбат өте көңілді әуендермен өте тартымды өтті.
Тікелей эфир фейсбук желісі арқылы өткізілді.
#Ұлттықмұра
