Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Дауылпаз ақын» атты кітап көрмесі

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ават ауылдық кітапханасы қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110жыл толуына орай «Дауылпаз ақын» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрме бойынша библиографиялық шолу жүргізілді.

Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру. Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Кедей, шаруа отбасында туған. Ата – анасынан жастай жетім қалған, кейін интернатта оқып, бастауыш кластың білімін алған. 1927 – 1930 жылдары мал дәрігерлік техникумында оқыды. Оны бітірген соң Орал қаласындағы пединститут та оқыды. Осы жылдарда өлең жазуға талпынған жігіт1932 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл газетіне» қызметке тұрады. Алғашқы өлеңі 1931 жылы Орал облысы «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1939 жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді.

Ей тәкаппар дүние

Мағанда бір қарашы

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғанған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде - ақ аңызға айналған Қасым - ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархаббаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды, лепті, сыршыл поэзиясы - әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия.

#Ұлттықмұра

0
0
233

Осы тақырып бойынша

«Дауылпаз ақын» атты кітап көрмесі - Yvision.kz