Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

" Ең іскер, ең шебер" атты тақырыпта

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен " Айзере" әжелер үйірмесінің жетекшісі Ахметова Роза апайдың үйіне барып " Ең іскер, ең шебер" атты тақырыпта

сыр- сұқбат өткізілді.

Мақсаты : қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға және шеберлікке баулу.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын” санаған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.Құрақ құрау - өнердің сарқыламас қайнар көзі

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.

Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.

Сыр - сұқбат барысында Роза апай өзінің қолынан шыққан бұйымдары құрақ көрпелерімен таныстырып , тігілу жолдарын, құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралатынын туралы айтып өтті. Және өте әдемі көрпешелерін көріп шеберлігіне тәнтті болып қайтты.

#Ұлттықмұра

0
0
295

Осы тақырып бойынша

" Ең іскер, ең шебер" атты тақырыпта - Yvision.kz