экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы
Алматы облысы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бірнеше маңызды мәселелері талқыланды
27 қазан күні Алматы облыстық партия филиалында облыстық экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 5 жобаны іске асыру арқылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағына инвесторларды тарту, «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микро кредит бөлу, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру, жұмыс істеп тұрған ШОБ кәсіпорындарының санын 125,9 мыңға дейін және ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 269,9 мыңға ұлғайту, Инженерлік және әлеуметтік дамуы дамыған Панфилов ауданындағы Нұркент қаласының құрылысы, Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру (2,5 мың адам), 26,8 мың жұмыс орнын құру, орташа жалақыны 200 мың теңгеге дейін арттыру мәселелерін жан жақты қарастырды.
Отырысқа облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Нұрахметұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Гүлмира Асқарқызы, облыстық кеңес мүшелері мен аумақтық партия филиалдарының кеңес төрағалары қатысты.
Отырыста тыңдалған барлық баяндамалар негізге алынып, кеңес мүшелері тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді.
Басқармаларға күн тәртібінде қарастырылған сұрақтарға қатысты бірнеше берілген ұсыныстарға ақпаратты облыстық филиалға а.ж. 10 қарашасына дейін жолдау қажеттілігі ескертілді
