" Қазақ әңгімесінің қас шебері "
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ават ауылдық кітапханасында қазақтың белгілі жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың туылғанына 85жыл толуына орай " Қазақ әңгімесінің қас шебері " атты тақырыпта сторителинг өткізілді.Мақсаты: жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы оқырмандарға мәлімет беру.Сайын Мұратбеков Талдықорған облысындағы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936жылы 15қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсіріп тәрбиелеген.Сайын Мұратбеков - қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемі мен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс,өзбек, татар, украин, беларусь, грузин, араб тілдерінде жарық көрген. Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім " Жусан иісі " повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап ыстық ықыласын білдірген.Сайын Мұратбековтың шығармаларын өзекті тақырыбы немесе көтерген мәселесі ауыл өмірі, халық санасындағы Ұлы Отан соғысының зардаптары мен қиындықтары, тазада, мөлдір махаббат үшін күрес, халықтың қайсарлығы еңбектің өнімі, адамзат жан дүниесіндегі құндылықтар екені мәлім.
#Ұлттықмұра
