Перейти к содержимому
panfilov.amanatkz
panfilov.amanatkz

Панфиловский филиал

@panfilov.amanatkz

Сайтта 2020 ж. 28 шілде

Официальный филиал партии "AMANAT" Панфиловского района Жетысуской области.

рейтинг

250

жазбалар

903

пікірлер

0

тіркелуші

24

жазылымдар

14

«Бақытты отбасы»

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Панфилов ауданынан ұсынылған Жетісу облыстық мәслихат депуттардың ұйымдастыруымен, аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакетін таратты.

0
0
262

📷«Құқықтық көмек»

📷«Құқықтық көмек»: аудандық партия филиалында ақысыз көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр

📷«AMANAT»-тың Панфилов аудандық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Кездесуге келген тұрғындар түрлі мәселе бойынша партиялықтардан көмек сұрады.

Олардың арасында алаяққа алданған, қарызға белшеден батқан, алимент ала алмаған, баспанасынан айрылып, жер дауын көтерген азаматтар да болды. Өз кезегінде, аудандық Әділет басқармасы басшысының у.м.а. және заң сарапшылары, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заңгерлік көмек көрсетті.

0
0
138

"Әр өлеңі- бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жыр перзенті атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық кітапханада "Әр өлеңі- бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрады. "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты бірінші бөлімінде Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны, "Бүгін менің туған күнім ой бәле-ай" атты өлеңі, Алматы қаласы, "Алатау" баспасынан жарық көрген Ақбар Мәжитұлының үш тілде басылған кітабы, М. Мақатаев "Өнер" баспасынан жарық көрген кітап-альбомы, Алматы қаласы "Жалын" баспасынан жарық көрген Мұқағали шығармалары атты көптомды шығармалары қойылды. "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты екінші бөлімінде М. Мақатаевтың көптомдық шығармаларымен қатар "Өмірдастан" таңдамалы өлеңдері мен поэмалары қойылған. "Мұқым елдің мұзбалағы" атты үшінші бөлімінде "Мұқағалитану бастауы" атты көптомдық шығар…

0
0
451

⚡️«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов:

«Бүгінгі «AMANAT» қандай партия? Додаға түскен партиялардың мүмкіндіктері бірдей әрі тең.  Біз өз күшімізге сенімдіміз. «AMANAT»-тың 800 мыңнан  аса мүшесі бар.Артымызда қалың қол тұр. «AMANAT» бір сайлаудың немесе бір науқанның партиясы емес. Біз 365 күн бойы, 24 сағат үзіліссіз, тынымсыз жұмыс істеп келеміз»

0
0
258

AMANAT» партиясының ТөрағасыЕрлан Қошанов

«Партияға түпкілікті трансформация жасадық. Бұрынғыдай құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық. Сөзден нақты іске көшіп, саяси алаңда да, қоғамдық жұмыста да барынша ысылдық, шыңдалдық. Шын мәнінде Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне, елдегі түбегейлі реформалардың қозғаушы күшіне айнала білдік. Ең бастысы, «AMANAT» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым халқымызбен бірге болды»

0
0
245

«Кедергісіз келешек»

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында Әлеуметтік қызметкерлері күнімен Аудандық жұмыспен қамту орталығын Қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектерін ұсынып, қиын да қажетті мамандық бойынша атқарып жүрген еңбегтері үшін алғыс хатпен марапаттады.

#Кедергісізкелешек

0
0
185

"Қазақ тұңғыш палуаны"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Көктал ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдығына орай жас бүлдіршіндермен "Қазақ тұңғыш палуаны" атты танымды әңгіме өткізілді.

#Ұлттықмұра

0
0
216

"Мен елімнің патриотымын"

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Қазақстан Республикасы күніне орай Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мен елімнің патриотымын" атты мереклік концертті ұсынды. Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса , келешекте бейбіт күннің бетін бұлт баспасын, барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Менің Отаным – Қазақстан! Тәуелсіз мемлекет, өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық арқасында Қазақстан әлемдегі достық пен бейбітшілік мекеніне айналды. !

#Ұлттықмұра

0
0
157

"Ақының өзі өлсе де,сөзі өлмейді"атты кітап көрме

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қырыққұдық ауылдық кітапханасында Қазақтың халық ақыны,Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты,ҚР парламенті мәжілісінің І және ІІ шақырылымының депудаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 82 жыл толуына орай "Ақының өзі өлсе де,сөзі өлмейді"атты кітап көрме ұйымдастырылып,"Жыры мір, өзі жұмбақ" тақырыбында "Болашақ" клуб мүшелерімен жыр сағаты өтті. Мақсаты:ақынның өмірбаянымен таныстырып,шығармаларын жасұрпаққа насихаттау.Жаркент орта мектебінің 5а сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаленова Жұлдыз Тұрлығазықызы өмірбаянымен таныстырып өтті.

#Ұлттықмұра

0
0
166