Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек»

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері аудандық білім мекемелеріндегі пандустарға бөлінген қаражатын мақсатты игерілуі бойынша мониторингтік жұмыс жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі толығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Жакупова Сауле Садыковна Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің орынбасары, Балгазиева Салтанат Каржаубайқызы Панфилов РОЗиСП әлеуметтік қызметкері, аталған мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#Кедергісізкелешек

0
0
199

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» - Yvision.kz