" Ұлы даланың дара ұстазы"
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, қазақтың аса көрнекті ағартушы - ұстазы , балалар әдебиетінің атасы, жазушы, этнограф ,қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туылғанына180 толуына орай " Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.Және " Ұлы даланың дара ұстазы" атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин.Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағала
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Шара барысында мәдениет үйінің директоры Кудербаева Бағлан Смайлқызы Ыбырай Алтынсарин атамыздың 180 жылдық мерейтойы мен құттықтап, оқушыларды сабақтарын жақсы оқып , кітап оқуға шақырды.
#Ұлттықмұра
