«Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.
«Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі. «Baq.kz», 05.06.2014ж. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республиасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Акция мақсаты – ішкі істер органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау қызметін жетілдіру, халық үшін қолайлы жаңа жұмыс әдістерін енгізу. Акция азаматтарға құқықтық және кеңестік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін, Әкімшілік полиция комитеті, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар басшылығының азаматтарды қабылдауын қамтиды. 2009 жылдан бастап ІІМ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Ақмол…