Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарлық полицей сегізінші қабаттан құлап бара жатқан әйелді құтқарды.

Павлодарлық полицей сегізінші қабаттан құлап бара жатқан әйелді құтқарды. «BNews.kz», 19.05.2014ж.
Павлодарда полиция аға сержанты Ернұр Әмірханов сегізінші қабаттан құлағалы тұрған 27 жастағы әйелді өлімнен құтқарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмоваға сілтеме жасап.   

Полицейлердің ақпаратынша, сегізінші қабатта тұратын әйел терезенің алдында отырып, абайсызда құлап кеткен. Бақытына орай, ол терезе жақтауынан ұстап үлгеріп, «асылып» тұрған күйі айғайлап, көмекке шақыра бастайды. Әйелдің жан даусын естіген көршілері бірден полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен полицейлер әйелге көмектесудің бір-ақ жолы бар екенін түсінеді:бір қабат жоғары орналасқан терезеден төмен түсу. Сөйтіп олар тоғызыншы қабатқа көтеріліп, дымқыл төсек жаймасынан арқан жасайды. Әмірханов арқанның көмегімен сегізінші қабатқа төмен түседі де, терезеден пәтерге еніп, әйелді көтеріп кіргізеді.

«Есінен танып қалған әйелге полицей алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кейінірек дәрігерлер оны ауруханаға алып кеткен. Осылайша аға сержант басын қатерге тігіп, әйелді аман алып қалды», - деп атап өтті Б.Мағзұмова.

 
0
0
182

Осы тақырып бойынша

Павлодарлық полицей сегізінші қабаттан құлап бара жатқан әйелді құтқарды. - Yvision.kz