Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді.
Семейде тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясы тәркіленді. «BNews.kz», 16.05.2014ж.
Көліктегі полиция Семей стансасында тиісті құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Семей стансасында «Новосібір-Алматы» бағытындағы жолаушы пойызы Ауыл бекетіне тоқтап тұрған сәтінде шұғыл-іздестіру шарасын жүргізу барысында осы пойыз вагонының жолсерігінің купесінен тиісті құжаттары жоқ 68 түрлі дәрі-дәрмек салынған 8 сөмкені тәркіледі», - деп көрсетілген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тәркіленген дәрі-дәрмектердің жалпы сомасы 1 млн теңгеден асады.
«Аталған оқиғаға қатысты жүк иелері анықталды. Олар Өзбекстанның үш азаматы болып шықты. Тәркіленген дәрі-дәрмектерді олар Ресейден сатып алып, пайда табу мақсатында Алматыға жеткізбек болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
