Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі.

Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайды – IIМ өкілі. «BNews.kz», 15.05.2014ж. Ұйымдасқан қылмыста шекара болмайтынын ұмытпау керек. Бұл туралы Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастық комиссиясының екiншi отырысында IIМ департаментi штаб бастығының орынбасары Мұрат Әбдiшев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Маусым айында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Венгрия елiне ресми iссапармен бармақ. Онда бiрқатар келiсiмдерге қол қою жоспарланған. Солардың iшiнде реадмиссия туралы келiсiм жасалмақ. Сондықтан осы сапар алдында бiз бүгiнгі жиынды өткiзiп, келелi мәселелердi ортақ талқыға салып отырмыз», - дедi IIМ өкiлi. «Бұл бiздiң Мажарстанмен өткiзiп жатан екiншi отырысымыз. Алғашқы басқосу нәтижелi болды. Бүгiнде екi ел арасындағы визалық режiм жеңiлдеп, өзара еркiн ақпарат алмасу мүмкiндiгi бар. Алдағы…

0
0
164

Алматы облысының полицейлері екі тәулікте 23 барымташыны ұстады.

Алматы облысының полицейлері екі тәулікте 23 барымташыны ұстады. «ҚазАқпарат», 15.05.2014ж. Соңғы екі тәулікте Алматы облысының полицейлері мал ұрлаған деген күдікпен 23 адамды ұстап, жауапкершілікке тартуда. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен Көбейхан Нұрахмет хабарлады. К. Нұрахметтің айтуынша, 12-15 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында «Мал ұрлау» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға барлық полицей қызметі тартылды. Құқық қорғаушылар ет нарықтарын, мал соятын, шұжық цехтарын, сондай-ақ ет өнімдерін көтерме өткізетін адамдарды тексерді. Өңірде жұмылдырылған жол-патрульдік полициясының бақылау-өткізу посттарында мал мен ет өнімдерін тасымалдауға бақылау едәуір күшейтілді. «Әр кезеңде ұрланған 80 бас мал іздестіріліп, екі күнде 57-сі заңды иелеріне табысталды», - деді ІІ…

0
0
252

абыройы биік азаматтар

Ел тыныштығы жолында бүкіл өмірін сапта өткізуге арнаған азаматтардың еңбегі ерекше. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету – әрбір патриоттың парызы. Осылай деген Президент әскери және қызметтік парызын абыроймен атқарған азаматтарға мемлекеттік награда табыстай отырып, өзінің ризашылығын және бағасын беретіндігін айтты. Елдің абыройын ең басты орынға қоятын Отан қорғаушылар арасында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы Бауыржан Бердалин марапатталды, сондай-ақ, Полиция генерал-майоры атағын Қарағанды облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров, Алматы қалалық ІІД бастығы Серік Күдебаев, Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Маткенов және IМ Ұлттық гвардиясының бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Бейбіт Ашқаров алды. Ал IIМ Ұлттық…

0
0
403

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінде «Көмек» қайырымдылық акциясы өтті. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж. Бұл шара Алматы облысының Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 әйелдер колониясында және Алматы қаласының ЛА-155/6 балаларды тәрбиелеу колониясында өтті, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаменті. «Бірінші мекемеде республиканың пенитенциарлық жүйесіндегі бірден-бір балалар қалашығы жұмыс істейді, онда 30 сотталған әйел үш жасқа дейінгі сәбилерімен тұрады. Ал республикадағы келесі бірден-бір ЛА-155/6 кәмелетке толмаған сотталғандар мекемесінде жүзден астам бала тәрбиеленуде. «Кәмелетке толмаған сотталған балаларға қолдан келген көмек беру жөніндегі шақыруға көптеген қоғамдық ұйымдар үн қосып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді», -…

0
0
284

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды.

Шымкентте тәртіп сақшысы 75 жастағы қарияны өлімнен құтқарды. «ҚазАқпарат», 13.05.2014ж. Шымкентте тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған 75 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды. Бадам өзенінің бойында кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне жасөспірімдер белгісіз әйелдің өзенге секіріп кеткенін айтқан. Суға батып бара жатқан әйелді 29 жастағы тәртіп сақшысы құтқарып алған, деп хабарлайды 24.kz. Анықтай келе, ол 1939 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Кейуана не себепті мұндай қадамға барғанын айтудан бас тартқан. Алайда өзін ажалдан арашалап қалған полицейге алғысын білдіріпті. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң қарияны туыстары үйіне алып кеткен. «Тез келіп жеткен кезімізде судың ортасында ағып бара жатқан әйелді көрдік. Киімімді тез…

0
0
316

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөніндегі ақпарат

Еліміздің заңнамасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына қатысты өзгерістер жолдардағы жағдайды тұрақтандырып, жол-көлік оқиғалары мен олардан зардап шегетіндердің санын азайтады, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауатын арттыратын болады. 2012-2013 жылдар аралығында Қазақстанда Жол қозғалысы ережелерінің (бұдан әрі – ЖҚЕ) бұзылуы күрт өсіп кеткені байқалды, ол өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО), одан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтар санының бірнеше есе өсуіне себепші болды. 2013 жылдың өзінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары түсіріп, тіркеген ЖҚЕ-ны бұзу көлемі шамамен 90%-ға дейін өсті, сондай-ақ оқиғалар 65%-ға, одан жарақат алғандар саны 71%-ға артты. Жалпы ЖКО-ның 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен, 600-ге жуық оқиға мас күйінде көлік жүргізге…

0
0
449

В преддверии конкурса «Астана таңдауы-2014» в Астане пройдут выборы участковых инспекторов полиции.

В преддверии конкурса «Астана таңдауы-2014» в Астане пройдут выборы участковых инспекторов полиции. «Казинформ», 11.05.2014г. Таким образом, у жителей столицы появится возможность поближе познакомиться с участковым инспектором и узнать о проделанной работе на участке. По данным Управления административной полиции ДВД г.Астаны, на сегодняшний день участковыми выявлено свыше 34 тыс. правонарушений, взято на профилактический учет 1240 лиц, из них в сфере бытовых отношений 1140 человек, проведено 380 сходов населения, личным сыском раскрыто свыше 500 преступлений. В преддверии конкурса «Астана Таңдауы-2014» в Астане будут проходить выборы участковых инспекторов полиции, сообщает пресс-служба Медиа-центра «Байтерек». Правила назначения участковых инспекторов полиции решением общего собрания жи…

0
0
182

Елордалық ішкі істер департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орайластырылған салтанатты шара өтті.

Елордалық ішкі істер департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орайластырылған салтанатты шара өтті. Алдағы мерекелерге орай, астаналық департамент басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен жолығып, естелік сый-сияпаттар табыс етті.    http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F8BD51FEC0CF1FFDE044002655122E6A

0
0
131

Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті.

Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті. «BNews.kz», 06.05.2014ж. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Алматыға сапармен келді. ҚР Ұлттық гвардия сарбаздарымен кездесу барысында делегацияға әскери жедел резервтердің әскери техникасы мен қару-жарағы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Атап айтсақ, депутаттар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінде, ҚР Ұлттық гвардиясы «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери және әдістемелік дайындық орталығында болды. «Біз қару-жарақты көрдік, ұлттық гвардияның дайындығымен таныстық. Мен сіздерге мынаны айтқым келеді, мемлекет тарапынан жеткілікті қаражат бөлініп жатыр. Ұлттық гвардияның алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Біздің елім…

0
0
311

Еліміздің бас көлік сақшысы Мәскеуде өткен алғашқы Жеңіс шеруіне қатысқан ҰОС ардагері И. Караваевты құттықтады.

Еліміздің бас көлік сақшысы Мәскеуде өткен алғашқы Жеңіс шеруіне қатысқан ҰОС ардагері И. Караваевты құттықтады. «ҚазАқпарат», 05.05.2014ж. Ұлы Жеңістің 69 жылдығы мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Берік Бисенқұлов І-ші, ІІ-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Әскери Қызыл Ту» ордендерінің иегері, соғыс және еңбек ардагері Иван Караваевтың отбасында болды. Еліміздің бас көлік сақшысы Иван Дмитриевичті өзінің және жеке құрам атынан 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, оған ақшалай сыйақы мен азық-түлік себетін табыс етті, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Ардагердің үйіндегі кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Иван Дмитриевич қонақтарды кеудесіне медальдар мен ордендер тағылған салтанатты үлгідегі киімімен қ…

0
0
338