«Қазақтың құпия тарихы» — атақ үшін жазылған жоқ
Жақында ғана қазақ оқырмандары «Қазақтың құпия тарихы» атты кітаппен қауышты. Сиясы кеуіп үлгермеген туындының авторы – Бекжан Әденұлы. Кітапта қазақ тарихының әлқиссасы, қалыптасу жолы, түркі тілдес ұлттардың өткені мен мекен еткен аймағы жөнінде тың деректер қамтылған. Сонымен қатар, мұндағы жазбалардан Кеңес тарихшыларының зерттеуінен бастау алатын дерек-дәйектердің кейбірінің шын мәнінде бұрмаланғанын ұғуға болатындай. Тек кәсіби мамандарымыз тарапынан жіті зерделеу қажет сыңайлы. Олай дейтініміз және қызықтысы да осы, автордың өзі негізінен тарихшы емес, жай ғана энергетик. Алайда, ол бала кезінен өз ұлтының кешегісін білуге қатты құштар болған және сол құштарлығына бар күш-жігерімен жетуге ұмтылған. Расында, тарихқа «әркімнің-ақ бар таласы». Сондықтан Бекжан Әденұлының әр парағын те…



