Мақсат Ғадылбекұлы: Көрермендердің тарихи фильмдерге қызығушылығы артып келеді
![]()
«Алматы» телеарнасы арнайы жобалар редакциясының бас редакторы, белгілі журналист Мақсат Ғадылбекұлы
– Мақсат мырза, «Алматы» телеарнасы жаңа тарихи телесериалды ұсынбақшы, осы жайында айтып өтсеңіз?
– Бүгінде қоғам, көрермен тарапынан тарихи фильмдерге қызығушылық артып отыр. Мұның себебі де, түсінікті шығар деп ойлаймын. Бір жағынан, мұны тарихқа қызығушылық деп түсінсек, екінші жағынан бұл тарихи оқиғаларды бейнеде көруге мүмкіндік береді. Әрине, халық соңғы уақытта шетелдік сериалдардың көбейіп кеткеніне сын білдірді. Үкімет тарапынан да бұған қатысты ойлар айтылды. Дегенмен, аталмыш сериалдардың рейтингі жоғары болғанын жасырудың қажеті жоқ. Телеарна рейтингке қарайтыны анық. Алайда, тек рейтинг қуатын болсақ, біз нәтижеге жетпесіміз анық. Сондықтар, «Алматы» телеарнасы жаңа сериал таңдау кезінде біраз зерттедік. Мұның көрерменге қызықты болуын әрі тарихи санаға әсер ету деген ұстанымды қатар қарастырдық. Жаңа сериал «Кіші хандар дәуірі» деп аталады. Аталмыш сериал «N Entertainment» медиа-компаниясымен түсірілген. Телесериалдың продюсері әрі сценарий авторы - белгілі жазушы Ален Арман. Яғни, сериалдың сапалы дүние екендігіне күмән жоқ. «Кіші хандар дәуірі» атты 20 сериялық драмада Моңғұл империясының тарихындағы 22 хан басқарған ақтаңдақ беттерін жеткізуге тырысқан. Сценарий авторы әрі продюсері Ален Арман өзінің сұхбатында бұл сериалдың сценарийін жазу барысы 7 жылға созылғанын, Моңғұл империясы жайында 200-ге жуық тарихи құжаттарды зерттегенін айтты. Мұның барлығы сериалды шынайы етеді. Телесериал сценарийі 22 кіші хандардың дәуірінде нақты болған жайттар мен фактілерге негізделген. Көрермен сол заманның өмірі, болған оқиғалар, адамдар арасындағы билік үшін талас-тартыс, қарым-қатынасты көре алады. Сериал түсіріліміне 500-ге жуық адам қатысқан, соның ішінде Моңғолияның халық әртістері А.Энхтайван және Н.Сувд та бар. Сондықтан, бұл сериалдың көрерменге ұнары анық. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
