Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Күлкілі сөздер — Қисынсыз аудармалар

Күлкілі сөздер - Қисынсыз аудармалар

 
Сөз - адам баласына ғана берілген ғаламат күш. Сөз арқылы қуанышыңды да, қайғыңды да, көкейіңдегі ой-түйінді де айтып жеткізуге болады немесе қыз болып қылымсып, еркелеп те не болмаса жігіт болып жүрегіндегі сезімін жайып салатын құдіретті күш те сөз арқылы жеткізіледі.

Секунд сайын дамып бара жатқан жаһандық дәуірі күнделікті өмірде қолданыстағы сөздерді жаңартып, кірме сөздермен молайтып ақпарат кеңістігін шексіз неологизмдермен, аударма сөздер мен жаңарған сөздермен толықтыруда. Көгілдір экран арқылы келіп жатқан толассыз сөздердің бірін түсінгенмен кейде бірін түсіне алмайтынымыз рас. 
Сондай бір тележурналистердің эфир соңында айтылатын " Осымен хабарымыз Тәмәм болды" немесе
" Тәмәмдалды" деген қоштасуларын құптамаймын. Білу керек!: Күлкілі сөздер - Қисынсыз аудармалар

1. Мағынасына қарап көрерменмен қоштасып жатыр екен деп ойлайсың. Бірақ " Аяқталды" ,"Өз мәресіне жетті" деген сөздермен алмастырса, құлаққа түрпідей тимес еді-ау. " Тәмәм «сөзі қазақтың сөзі емес шығар деп ойланғанмен, Оралхан Бөкейдің бір шығармасында: „Ол тентек еді.Тәмәм таудың топ ортасында кептеліп жататын зрян қаласының ызың-шу тірлігі жалықтырмайтын өні.өз аулаларының әр күнгі қарбаласы қызық-ты.“ Осы шығармадағы » Тәмәм" сөзі не мәнді білдіреді екен?! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
3183

Осы тақырып бойынша

Күлкілі сөздер — Қисынсыз аудармалар - Yvision.kz