Қызылордада халықаралық фестиваль өтеді

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келген қонақтарға аймақтағы атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шараларды айтып, облыстың бүгінгі тынысын баяндады. «Қорқыт ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында өтетін алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында облыстың негізгі даму салаларын суреттейтін бейнефильм көрсетілді.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға келген мәртебелі меймандар қатарында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Д.Қасейінов, жазушы, саясаткер О.Сүлейменов және Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Молдова, Қырғызстан мемлекеттерінен келген шетелдік ғалымдар мен саясаткерлер бар. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
