Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

Қазақ киносындағы кейіпкерлерге неге сенбейміз?

©Нұрғиса Елеубеков (фото)
Нұрғиса Елеубеков (фото)

Белгілі кино сыншысы Олег Борецкийдің: «Кино – ол нағыз өмір» дейтін сөзі бар ғой. Бірақ әттең, осы сөз біздің киномызға қатысты айтылмағаны өкінішті. Өйткені, кейінгі жылдары біздің отандық киногерлер түсірген картиналар өмірден әлдеқайда алыс. Егер қазір кез келген көрерменнен «үйде отбасыңызбен отырып, қандай қазақстандық фильмді көресіз»деп сұрасаңыз, әлбетте қипақтап жауап бере алмай қалады. Бірақ бұл біздің елімізде түсірілген фильмдерді ешкім көрмейді деген сөз емес. Көреміз. Бірақ біз көріп отырған фильмдегі кейіпкерлерге сенбейміз. Неге? «Алаш айнасы»осы сауалға жауап іздеп көрген еді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
425

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын жекешелендіру керек пе?..

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын жекешелендіру керек пе?..
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын жекешелендіруге қатысты өз қарсылығын білдірді. Ол осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Атап айтсақ, елімізде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
484

Көк туды іш киімге бейнелеу патриотизм емес, қылмыс!!!

alt

Ольга Сафронова – 200 метр қашықтыққа жүгіруден Азия чемпионы.

 

alt

Маргарита Мұқашева – Азия ойындарында 800 метрлік қашықтыққа жүгіруден чемпионы

alt

Судағы поло спортынан Қазақстан ерлер құрамасы

alt

Бұл енді тіпті тұтас қазақ ұлты үшін ұятты жағдай…

alt

Сұлулар сайысында туды жамылып шығу қаншалықты дұрыс?!.

alt

ВКонтакте желісіндегі бойжеткен де көк ту бейнеленген киімге әуес.

alt

Ұлттық өнімнің бетінде де туымыздың суреті бар.

alt

Тағы да әлеуметтік желіден алынған қазақ қызының суреті.

alt

Допқа көк туды салып, оны тебуден артық мазақ бар ма?!. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1240

ҚазҰУ-да«Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты жыр мүшәйрасы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 22-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл – білім, тәрбие тұғыры» атты 1-курстар арасында жыр мүшәйрасы өтті. Айта кетейік, бұл іс-шара факультетте әр жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы кеште факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы алғысөзінде мемлекеттік тілдің болашағын көркейту туралы жақсы ойлар айтты. Тәуелсіздігіміздің таңы атқалы қазақ тілінің өркендеп, өсіп келе жатқаны баршаға мәлім. Бұл үдерістерді жылдамдата түсуге ақындардың, әсіресе жас ақындардың үлесі мол екені анық. Дәл осы себепті жыл сайын дәстүрге айналған жыр мүшәйрасы – қазақ тілі үшін қызмет етіп жүрген жас ақындарды марапаттаудың, құрметтеудің бір жолы. Мұндай іс-шаралардан ақынд…

0
0
750

Ақтауда М.Мақатаев атындағы байқау өтеді

Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармалары арқылы мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, ақиық ақынның шығармашылық мұрасы арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу мақсатында қалалық байқауын өткізеді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
567

Ресей мен Иран неге бірікті?

Алаш айнасы иллюстрациясы
Алаш айнасы иллюстрациясы

Мәскеу мен Тегеран Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға мүдделі емес. Өйткені қос мемлекет осы аймақтағы түркітілдес елдердің бірігіп дамуына жол бермеуді көздейді. Мұны Астраханьда өткен IV Каспий саммитінің қорытындысы бойынша"Алаш айнасына" өз пікірін жеткізген отандық саясаттанушы мәлім етті... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
892

Қытай да Ресейге қыр көрсете бастады...

alt

Қытай Ресейдің стратегиялық жақтастығынан қысас жасаушы қарсы тарапқа шығып кетті. Бұл осы аптадағы әлемдік саясаттағы нөмірі бірінші талқы тақырыбы боп жатыр деп жазады бірқатар халықаралық басылымдар. Мұндай жағдайда не болады?.. “Алаш айнасы” бұл сауал жауабына отандық мамандарды тартып көрді…

Бүгінгі таңда халықаралық құқықты бұзып жатқан Ресейге ашық келген Еуропалық одақ пен АҚШ қана десек те болады. Күндердің күні олардың қатарына Қытай келіп қосылады деген кім-кімнің де өңі түгілі түсіне енбеген. Өйткені Пекин бүгіндері Мәскеудің ең мықты стратегиялық әріптесі әрі досы боп саналады. Қалай дегенмен де осыған дейін ол солай боп келген… (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
389

«Бастағы бақты бағалай алмай жүрміз»

alt
Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ

Қазақ қызының бойына тән тектілікті, ана тілге деген адалдықты бойтұмар еткен тіл жанашыры, Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазықызы елдегі білім-ғылым, отбасы мәселесі, ұрпақ тәрбиесі туралы аз айтып жүрген жоқ. Әсіресе, мемлекеттік тілдің ахуалына келгенде өзгелерден қарағанда анағұрлым алаңдап жүретін Оразкүл апаймен 22 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай сұхбаттасып қайтқан едік. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
464

Қазақтың жерін Ресейге тартатын экстремистерді қалай жазалаймыз?

Қазақтың жерін Ресейге тартатын экстремистерді қалай жазалаймыз?

"Вконтакте" әлеуметтік желісінде ел арасына ши жүгіртуші "Солтүстік Қазақстан – бұл орыстың жері" атты даулы топ қайтадан бой көрсетті. Алдында жарты ай бойына ғаламтордағы қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп көзге көрінген оларды еліміздің құзырлы мекемесі экстремистік топ деп танып, әлеуметтік желіден алдырып тастаған. Алайда бұл шара тиімділік танытпады. Сонда қайтпек керек?.. "Алаш айнасы" сұрастырған мамандар ақпарат айдынындағы бос кеңістікті толтыруды мемлекет өз қолына алмайынша, оған өзгелер емін-еркін бас сұғып, қауіпсіздігімізге қатер төндіре береді деп санайды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
1079

«Шәкәрім» — түрік тілінде

SHakarim «ШӘКӘРІМ» – ТҮРІК ТІЛІНДЕ

Түркия Республикасының астанасы – Анкара қаласының атақты «Bengu» (Мәңгі) баспасынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық «Мәңгі Ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы түрік тілінде жарық көрді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
527