О.Бөкей атындағы байқау өтеді

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкей шығармаларынан басқа елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
