Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Лукашенко Ресейге неге қарсы шықты?

©Алаш айнасы иллюстрациясы
Алаш айнасы иллюстрациясы

Беларусь Республикасы Украинаны мемлекет ретінде бүлінуін қаламайды және РФ сыртқы істер министрлігі "Новороссия" деп атап жүрген жобаны мойындамайды. Өткен сенбіде Euronews-ке берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенконың осы айтқанын орыс ұлтшылдары Путиннің жағынан салып жібергенмен бірдей әрекет деп бағалады. Өз кезегінде "Алаш айнасы" бұл мәлімдеменің одақтас елдер (Кеден одағына мүше мемлекеттер) арасына қалай әсер ететіндігін мамандардан біліп көруге тырысты...
Лукашенко Еуропаның ақпарат агенттігіне берген сұхбатында өзіне тән мінезіне сай тік сөйледі: "Біз Украина мемлекетінің бүлінгенін қаламаймыз. Мұндағылар кезінде Қырым Украинаға байқаусызда беріліп қойған, әйтпесе бұл орыстың ата жұрты деген секілдіні алға тартады. Бұл мәселені қарастырудың дұрыс жолы емес. Өйтетін болсақ, онда Бату ханның, моңғол-татар кезеңіне қайтып барайық. Ондайда Қазақстанға Моңғолияны, Ресейдің, Батыс Еуропаның, Шығыс Еуропаның бірталай жерін қайтарып беру керек болады, әрине Белорустан басқасын. Олардың аяғы біздің де жерге тиген, бірақ бізге тиіспепті. Сондықтан өткенге қайтадан оралудың не қажеті бар?.." (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
 
0
0
395

Осы тақырып бойынша

Лукашенко Ресейге неге қарсы шықты? - Yvision.kz