Тіліміздің құнын түсірмейік...

Заңнама және ресми іс-қағаздар мәтініндегі терминдер мен атаулардың ұғынықты әрі дұрыс қолданылуына қатысты мәселелер баспасөз беттерінде, тіл мәселесіне байланысты әртүрлі ғылыми-практикалық мәжілістерде жиі айтылып, орынды қозғалып жүр. Қазір тұтастай алғанда ресми тіл лексикасындағы терминдердің қалыптасу, орнығу проблемаларын әр қырынан зерделеу және жүйелеу процестері жүріп жатыр. Міне, осы тұрғыдан келгенде, құқықтық норма шығармашылығы қызметіндегі және бұқаралық баспасөз бен көрнекі жарнама құралдары мәтіндеріндегі тілдік құралымыздың қолданысы төңірегінде ортаға салар кейбір ойлар бар. Біріншіден, басқа тілден енген терминдерді өз тілімізде баламалап қолдануда оның мағыналық сипаты мен айырмашылығы ескеріле бермейтін жәйттар кездесіп жатады. Мәселен, бүгінгі қолданысымыздағы заңнамалық мәтіндерде«сәйкестендіру» (?) деген термин «идентификация» түпнұсқасының баламасы ретінде қолданылып жүр, бұл мүлдем қате. Бұл арада мәселенің қойылымына арналған терминдік ұғым бір нәрсені екінші нәрсемен сәйкестендіруді білдіріп отырған жоқ, бұл ұғымда сол заттың өзіндік мән-сипатына, болмысына дұрыс айқындама жасау жөнінде болып отыр. Бұл термин белгілі бір затты өзінің мәніне орай айқындау қажеттігінен туындайтын термин. Сондықтан мұныңдұрыс қолданысы: «идентификациялау», яғни, мұны латынша түбірлік әрі түпнұсқалық нұсқасын өзгертпей алсақ, құқықтың нормалық ауытқуына жол бермес едік. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
