Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарттарым аман-сау жүрші!

Елдік пен отаншылдық белгісі қарияларын қадірлеу, құрмет көрсету, ардагерлерін ардақтау – халқымызға тән тағылымды қасиет. Қазіргі таңда, аға ұрпақтың еңбегі мен ерлігін ұдайы ескеріп отыру, оларға қамқорлық көрсету басты назарда.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жалпыұлттық қолдау акциясының аясында құттықтаулар өз жалғасын табуда, соның бірі - «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының ардагерлерді құттықтауы, атап айтқанда Филиал директоры  Азамат Хамидулаұлы мен кәсіподақ төрайымы Әлия Салиевна Өскемен қаласының тұрғындары, ҰОС ардагерлері 93 жастағы Кузутбаев Ануарбек ақсақалмен Евгений Федорович Проскуряков ардагерлерімізді келе жатқан төл мерекелерімен ҰОС 70 жылдығымен құттықтап, оларға алғыс хатпен сыйлықтарын және азық-түліктің мерекелік жиынтығы бар себеттерді табыстады.

Қарияларымыз бүгінгі бірлігі мен тірлігі жарасқан елде, бала-шағаларының ортасында бай -қуатты ғұмыр кешіп жатқандарына ақ алғыстарын жаудырды. Иә, майдангер қариялар қан­дай құрметке, сый-сияпатқа да лайық жандар. Өйткені, олар сұра­пыл соғыста қанын төкті, ал бейбіт өмірдегі еңбекте жанын аямады. Дәл қазіргі күндері тәуелсіз еліміздің ертеңі еңселі, бәсекеге қабілетті болуын тілейді. Ел үміт артқан жастардың тәрбиелі, қайырымды да мейірімді, білімді де білікті болғанын қалайды. Үлкендердің батасы қабыл болсын.

 

0
0
1132

Осы тақырып бойынша

Қарттарым аман-сау жүрші! - Yvision.kz