Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мәңгілік біргеміз»

Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық нәзік сезімі. Осы «Ғашықтар күні» яғни 15 сәуір - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күні еліміздің бірқатар өңірлерінде аталып өтті.   Махаббат мейрамы күні Семей қалалық №2 бөлімінде «Мәңгілік біргеміз» атты акция өтті. Акция аясында  ХҚКО-на  некеге тұруға өтініш беруге келген жас жұптарға «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»  поэмасы  туралы  аздаған сұрақтар қойылды. Сауалға мүдірмей жауап берген жұптарға қаламыздағы  «Дастан», «Еңлік-Кебек» кинотеатрларына кешкі сеансқа билет табысталды. Ал жас жұбайларға өз тарапымыздан «Ғашықтар күні» құтты болсын, махаббаттарыңыз баянды болсын демекпіз!

 
1
0
1163

Осы тақырып бойынша

«Мәңгілік біргеміз» - Yvision.kz