Мазмұнға өту
makala123

makala123

Сайтта 2014 ж. 26 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылу

1

Балабақшаға кезек нөмірін қарау

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға кезекке қойғанан кейін www.egov.kz порталы арқылы кезектің нөмірін қарауға болады. Бұл үшін порталда «Отбасы » - «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» сілтемелері арқылы өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасын басу керек. Ашылған бетте өтінімді толтыру қажет Облыс және баланың ЖСН немесе тегін, атын қосымша туған күнін енгізу қажет. "Сұранысты жіберу" батырмасын басып, батырманы басқаннан кейін кезек нөмірі туралы мәліметтер бірден пайда болады. Қызметті алушылар: ҚР азаматтары Қызмет көрсету орны: www.egov.kz порталы және мобильді қосымша eGov.kz Қызмет көрсету мерзімі: өтініш берген сәтінде Қызмет көрсету нәтижесі: балабақшаға баланың кезегінің нөмірін қарау Егер де үйіңізде ғаламтор болмаған жағдайда ХҚКО-на келіп «өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан»…

0
0
11895

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің бірі - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат 3) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат 4) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер; 5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат; 6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат. Қызметті алушылар ҚР азаматтары, қызмет құны тегін және 10 жұмыс күнде көрсетіледі. ЭЦҚ-сы болған жағдайда…

0
0
594

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға жәрдемақы тағайындау

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- мүмкіндігі шектеулі балалар санының көбеюі. Соларға қамқоршылық танытып, түн ұйқысын төрт бөліп, бағып – қағып отырғандарға назардан қалдырмай, олардың ата – анасына немесе қамқоршысына жәрдем көрсету әрқайсымыз үшін үлкен парыз. Мемлекет тарапынан да оларды қолдау мақсатында «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, камқоршыға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі қарастырылған. Бұл мемлекеттік қызметті алушы ХҚКО-ға келесі құжаттар топтамасымен келу қажет: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат 3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме; 4) қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен…

0
0
530

Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар экологиялық куәлікті қайдан алуға болады?

Қазақ елі неше түрлі қилы–қилы замандарды басынан өткізді. Сонау ақтабан шұбырынды, отызыншы жылдардағы ашаршылық нәубет жылдары, одан бері қарай Семей, Азғыр, Капустин яр сынды ядролық сынақтарды да бастан кешірді. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялаған шақтан бастап Елбасымыз аталған сынақ алаңдарын жауып, содан қалған салдарды жоюға көп көңіл бөліп келеді. Полигон салдарынан зардап шеккен адамдарымыз қаншама. Бүгін біз сол зардап шеккен азаматтарымызды , немесе сол жылдары полигонда қызмет еткен сарбаздарымызды тіркеу және есепке алу жөнінде айтатын боламыз. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу жолдары…

0
0
2267

Жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын ХҚКО-дан алу!

Егер Сіз негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз ХҚКО-ға жүгінуіңізге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету күнтізбелік 30 күннен аспайды. Аталмыш қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Ол үшін төмендегідей құжаттарды орталыққа табыс етуі тиіс. 1) Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесімен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 2) құжатты жоғалтқан азаматтың немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымының жетекшісіне оның жоғалуының жай-күйі баяндалған еркін нысандағы өтініші; 3) құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құж…

0
0
522

Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі. Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз: 1) сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәланды…

0
0
818

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы мерекесі Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн. Бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Осы жыл басын тойлауды «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері де қалыс қалмай, жұмыс күні бастала салысымен Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Әр бөлім қызметкерлері орталыққа келген келушілерін қазақтың ырымы «Шашу» шашып қарсы алып, қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп, ұлттық тағамдар ұсынып, дастарханнан дәм татқызып жатыр. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының ең негізгі тағымы Наурыз көжеде бүгін үстел үстінде. Орталық қызметінің бұл игі шарасына келушілер тарапы…

0
0
888

Қазақтар және қазақ тілі туралы

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» - деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ ті…

0
0
984

ЭҮ жайлы семинар — кеңес!

«ХҚКО» Р ШҚО бойынша филиалының Өскемен қалалық №1 бөлімінің қызметкерлері ШҚО «Ана мен бала» орталығында семинар  - кеңес өткізді. Семинарда "Электронды үкімет" порталының мүмкіншіліктері жайында айтылып, Мобильді үкімет, ЭСҚ алу туралы толық кеңестер берілді. Порталдағы жаңа қызметтер жайында мәліметтер беріліп, оларды үйде алудың ерекшеліктеріне тоқталды. Орталық қызметкерері семинар қатысушыларының көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп қайтты.

1
0
534

Біздің жігіттер!

Біздің жігіттер... Дене мен рух қуатын ұштастыра алса кез-келген спорт түрі сияқты ережесіз жекпе-жек те ер мен елдің атын шығарып, мерейін үстем ете алады. Арыстан жүректі нағыз жігіттердің алапат айқасы кімде - кімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Жекпе-жек деп аталатын спорттың бұл түрінде қарсыластардың кез келген соққы түрін қолдануларына рұқсат етілген. Адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Жекпе-жек қазіргі спорт жарыстарында межелі салмақ категориясы бойынша өткізіледі.Оған қазіргі таңда жастарымыздың көбі қызығушылық танытуда. Бұл жекпе – жек сайысына «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының қызметкерлері Закарьянов Олжас, Абдол Думан, Абулкасимов Раджан, Шаяхметов Мұстафа жігіттеріміз де қатысады. Төрт қызметкерімізде аралас жекпе – жек бойынша Қазақстан чемпиондары, сп…

1
0
1029