Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді үкіметтің қолжетімділігі!

 

Семей қалалық №1 бөлім қызметкерлері әр түрлі мекемелердің қызметкерлерімен кездесіп Электронды порталдың игіліктері,  Мобильді үкіметтің қол жетімділігі жайында, сонымен қатар ХҚКО қызметтерін насихаттау мақсатында семинар – кеңес өткізді. Алғашқы болып білім саласының қызметкерлері, яғни Семей қалалық №6 гимназия оқытушылары болды. Жиын барысында орталық қызметкерлері мобильдік үкіметтің қолжетімділігін тілге тиек етті. Электронды үкімет порталы үйден қадам аттап шықпай, қажетті қызметті алуға мүмкіндік берсе, «Мобильді үкімет» - әрқашан сізбен бірге деп мұғалімдерге портал мүмкіншіліктері жайында толықтай түсіндірілді. Гимназия мұғалімдері қызметкерлерімізге ойда жүрген сұрақтарына жауап алғандарына өз тараптарынан алғыстарын білдірді. Өте ыңғайлы және тиімді порталдың жұмыстары жөнінде ақпараттарды насихаттау үрдісі алдағы уақытта жалғаса бермек.

 

   
0
0
632

Осы тақырып бойынша