Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру

Мысалы, Сіз жер сатып алып, өзіңізге қажетті ғимарат салу мүмкіндігі туды делік.
Алдымен, ғимараттың құрылыс - монтаж жұмыстарын қалай бастайды? Осы монтаждау жұмыстарына қалай және қайдан лицензия алу керек деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап алу үшін Сіздерге келесі мемлекеттік қызметін ұсынамыз «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру».
Ол үшін ХҚКО - ға келіп біріншіден осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысандар бойынша өтініш толтыру қажет;
Екіншіден келесі құжаттар топтамасы болу қажет:
- заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
- жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
- дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
- өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
Орталықта қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
Сондай – ақ бұл қызметті электронды сандық қолтаңбаңыз болса, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» порталы арқылы да жүзеге асыруға болады. Электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қызмет 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде ақылы түрде көрсетіледі. Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде лицензия дайын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.
