Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражат қатаң бақыланады
Бүгін Елбасы сондай-ақ Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылдар бойынша қаржы полициясы органдарының қызметі туралы баяндады. Жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес - қаржы полициясы органының алдына қойылған негізгі міндет. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты бақылауды күшейту керек. «Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғап, жемқорлық пен «көлеңкелі» экономикаға қарсы күресті жалғастыру қажет» деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:8 мың тексерілген қылмыстың 5 мың жарымы - экономика, бизнес. Бұл нені айтады? Коррупцияны, шенеуніктердің, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы алуды,…