Үкімет өз жоспарын әзірлеп, әрекет етуі тиіс
Биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөніндегі алда тұрған жұмысқа жұмыла кірісуі тиіс. Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Үкімет өз жоспарын әзірлеп, әрекет етуі қажет. Барлық іс-шараларды қаржыландыру көздерін табу керек. Әкімдер еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттерді халыққа түсіндірулері тиіс.
«Сосын жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу қажет» деді Елбасы. Премьер-министр өз кезегінде Президентке келесі аптадан бастап «Үкіметтің әрбір отырысы Жолдауда көрсетілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға арналады. Сіздің Үкімет отырысында айтқан барлық сын-ескертулеріңіз түзетіледі» деді Мәсімов.
