Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Шығысқа аусыл Қытайдан келген

 

Шығыс Қазақстан облысында талайдың қорасын қаңыратып, екі мыңнан аса малды құрбан қылған аусыл ауруы Қытайдан шықты.

Зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша осы өңірдің Үржар ауданында таралған індет Қытай елінің шекаралас аудандарынан келіпті. Бүгінгі күні Қытай Халық Республикасының ветеринариялық қызметіне төрт түлікке аса қауіп тудыратын аусыл жөнінде нақты ақпарат беру туралы хат жіберілді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Нығмет Жақыпбаев апталық брифингте мәлімдеді. Жұқпа ауру жабайы хайуандар және адамдар арқылы таралды деген болжам бар.

0
1
281

Осы тақырып бойынша

Шығысқа аусыл Қытайдан келген - Yvision.kz