Ала қозының арқасындағы жазу
Құлақ естігенді - көз көреді. Қостанай облысының Көктерек ауылында арқасында «Аллаһ» деген жазуы бар қозы туды. Мал иесі мен жергілікті дін қызметкерлері бұған нық сенімді. Алайда, облыстық мешіттегілер бұл жай ғана ала қозылардың бірі дейді. Яғни, оның арқасындағы белгілер «Аллаһ» деген жазуға мүлде ұқсамайды. Дәурен Нуркин Көктеректегі төрт түлікпен күнелтіп отырған тұрғындардың бірі. Мал төлінен өсетіні мәлім. Иесіне әкелер табысы да сол. Сондықтан, қаңтар айында көк саулығы қоздағанда Дәурен қойының саны көбейгеніне қуанған да қойған. Кейін ауылдағы қариялардың бірі қошақанның арқасындағы белгі жай ғана алабажақ емес, «Аллаһ» деген жазу екенін айтады. Дәурен Нуркин, Көктерек ауылының тұрғыны: Сол кісі айтты мешітке апар деп. Сосын, имамға звондадым. Ол кісі өзі келіп көріп, суретке тү…