Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылады

Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы елдің алдағы 5 жылдағы даму бағытын айқындап берді. Елбасы он бағыт бойынша атқарылатын қадау-қадау міндеттерді атап-атап көрсетті. Оның ішінде ең бастысы әрі негізгісі халықты жұмыспен қамту. Биыл «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері іске қосылады деді Елбасы. Президент Үкіметке «Қолжетімді баспана» бағдарламасын 1 шілдеге дейін бекітуді нықтап тапсырды. Алдағы 5 жылдағы маңызды міндеттердің бірі өңірлерді дамыту. Шағын қалалардың дамуы жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының пайда болуына, әлеуметтік сала мен бизнестің дамуына септігін тигізеді. Жастарды әуелі оқытып, кейін жұмысқа орналастыру, өз кәсібін ашқысы келетіндерге арзан несие арқылы қолдау көрсету, экономикалық әлеуеті төмен аймақтарда тұратын азаматт…

0
0
480

Президент «ескі де жаңа» Үкіметке қатаң тапсырмалар берді

Көптен бері тек мадаққа еті үйренген қазақтың үкіметін бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев біраз терлетті. Мәсімов бастаған министрлер мен әкімдерді тізіп қойып, олқы істерді көзге шұқып көрсетті. Мысалы, «пайдасы жоқ жиындар мен халықаралық шараларды шектеңдер» деді Елбасы. Бұл - бекер мал шашу! Экономика өскен сайын, бөлінсе де уақытылы жұмсалмай қалған қаржының да көлемі көбейген. 2011 жылы он үш пайызға артып, 224 миллиард тенге жұмсалмаған. Бұл да көне де жаңа өкімет басты назарда ұстауы тиіс мәселе! Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауынан кейін үкіметте үлкен жиын өткізді, көп дүниені ашық айтты, көп тапсырма жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев жиынды ескертуден бастады. «Қайырсыз қонақ» - дағдарыс қайтар жолда тағы бір мәрте соғуы мүмкін. Қамсыз отырмау керек. Өкімет өзі түзген жоспарға сай қимылд…

0
2
427

Жаңаөзендіктер Бас прокурордың мәлімдемесіне үн қосуда

Жаңаөзен оқиғасының халықты абдыратып тастағаны рас. Бас прокурордың мәлімдемесі батыстағы ағайынды да бей-жай қалдырмады. Тәртіпсіздіктің орын алуына және әлеуметтік шиеленіске жергілікті билік пен мұнай компанияларының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеті ықпал еткенін білген көпшілік олардың тиісті жазасын алуы керек деп отыр. Халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған әкімдердің әрекетіне наразы. Манас Кенжеғұлов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:Бас прокуратураның мәліметі рас балса, қылмыс жасаған адамдар тиісті жазасын алуы керек. Мында қаншама қан төгілді, қаншама адам ағайын-туысынан айрылды. Сол жемқорлардың көзін жою керек. Ақ-қарасын шығарып жатыр гой. Маржан Қаниқызы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қан төгілді. Жақсы дамы…

0
0
238

Шымкентте белгілі қылмыскер құрықталды

Шымкентте қылмыс әлемінің беделді мүшесі құрықталды. Қолға түскен азамат өз ортасында «Ваня ағай» деген лақап атпен белгілі болатын. Алдын ала жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер елу екі жастағы қылмыскерді шаһардағы сауда орындарының бірінде жүрген жерінен ұстаған. Оны тінту кезінде сөмкесінен жарылғыш зат пен бірнеше оғы бар 16-шы калибрлі шолақ мылтық және аңшы пышағы тәркіленген. Ұсталған азамат бұған дейін жұртты бопсалағаны және заңсыз қару алып жүргені үшін 4 рет сотты болған. Және қылмыстық топтың жетекшісі ретінде ішкі істер органдарының арнайы есебінде тұрған. Сондай-ақ оңтүстікқазақстандық полицейлер осыдан бірнеше күн бұрын қылмыс әлемінің тағы бір мықтысын қолға түсірді. Жиырма бір жастағы азамат бұған дейін қылмыстық істері үшін екі рет жазасын өтеп келге…

0
0
219

Тіркелмеген тұрғынға айыппұл салынады

Тұрғылықты жерде тіркелу - міндет. Көші-қон комитеті азаматтардың жүріп тұруын қадағалауды көздеп отыр. Яғни, бір жерден екінші жерге қоныс аударғанда барған жеріңізде міндетті түрде уақытша болсын, 10 күнге келсеңіз де, жарты жылға келсеңіз де тіркеуге тұруыңыз қажет. Тұрып жатқан пәтердің мекен-жайы бойынша тіркелуге мүмкіндік болмаса, жұмыс орны немесе оқып жатқан университет, институттың адресімен тіркелуге болады. Бұл туралы бүгін апталық баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі мәлім етті. Демек азамат тұрып жатқан жерінен тіркеуден шығып, одан кейін ешбір жердің тізіміне ілінбей зым-зия болып кетпеуі керек. «Бұл - мемлекет үшін қажетті, дәл сол қалалардың болашағын жоспарлау үшін қажет» деді Нұрділдә Ораз. Ал заңға қайшы келіп талапты орындамаса, айыппұл салынады…

0
0
277

Бас прокурор Жаңаөзенге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындаорын алған оқиғаға қатысты мәлімдемесі 2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін Орталық алаңда мерекелеу барысында «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіретін кәсіпорнының бұрынғы жұмысшылары бұзақы жастардың қолдауымен қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлеріне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер жасаған. Нәтижесінде 125 объект өртеліп, бұзылып, тоналған. Олардың ішінде Жаңаөзен қаласы мен Теңге кенті әкімдіктерінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың ғимараттары, полиция бекеттері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының офисі, «Аруана» қонақ үйі, «Сулпак», «Атлант» және «Шолпан» сауда орталықтары, 5 банк мекемесі, 9 банк…

0
1
421

«Шошқа тұмауы» жоқ

«Олар тек маусымдық тұмау жұқтырған, оларға дер кезінде диагноз қойылып, көмек көрсетілді, қазір олар үйлеріне жіберілді» деді Жандарбек Бекшин. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тұмаудың таралу деңгейі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 пайызға төмен. Тұмау маусымы басталған қазан айынан бері ел бойынша бұл ауруды жұқтырудың 19 мысалы тіркелген. 2011 жылда халық арасында тырысқақ, оба, аусыл секілді сырқаттар тіркелген жоқ, деп хабарлайды министрлік. Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:Бірен-саран осындай алаңдататын жағдайлар болды. Ол Тәжікстан елінде, Қытай елінде болған полимелит ауруы. Оған қарсы бізде елімізде 15 жасқа дейінг…

0
0
414

Қарақшылық жолмен балық аулаушылар көбейіп барады

Атырау облысында қарақшылық жолмен балық аулау мәселесі әлі де болса тыйылмай тұр. Жыл бастала сала кезекті заңсыз балық аулау және оның өнімдерін саудалаушылар ұстала бастады. Мәселен жол полициясы басқармасының инспекторлары республикалық маңыздағы тас жолдағы кезекті тексеру шаралары кезінде жүк көлігіне тиелген 2 тонна сазан балығын тәркіледі. Атыраудан Оралға сапар шегіп бара жатқан заңсыз балықтың иесі жергілікті азамат болса, көлік жүргізушісі көрші облыстан болып шықты. Каспий теңізі атырабындағы балықшы ауылдардың бірінде тұратын 33 жастағы браконьер тәркіленген балықтардың барлығын бір өзім ауладым деген. Алайда, ешбір заңды құжаты жоқ. Қазір құзырлы орган өкілдері осынша балықтың қайдан және кімдер аулағандығын анықтап жатыр. Айта кету керек, браконерлерге полицейлер тұрмақ күр…

0
0
313

Жаңаөзенге мол қаражат бөлінуде

Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы хабарлады. Қаланы дамытудың негізгі жобаларына республикалық және жергілікті қазынадан 46 миллиард теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр. Алдымен тұрғындарды жұмыспен қамту үшін жаңа еңбек орындарын ашу көзделіп отыр. Ірі кәсіпорындар салып, өнім өндіру ісі жолға қойылмақ. Қазір алдағы екі жылдың жұмыс жоспары бекітіліп қойды. Мәселен, «Рахат» шағын ауданында жаңа емхана көп кешікпей пайдалануға беріледі. Қалалық аурухана жанынан қосымша терапевт бөліміне ғимарат салынып беріледі. Биылғы жылы 320 орынға арналған мектепке дейінгі оқыту орталықтарының құрылысы толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

0
0
194

Жаңа тағайындаулар

Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігінде болып, Елбасының тапсырмасын жүзеге асырды. Президенттің жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Мұхтар Абрарұлы жаңа қызметте де Елбасының сенімін ақтап, халыққа адал еңбек ететінін айтты. Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР мемлекеттік хатшысы: Менің өмірімнің әр кезеңінде Елбасы өте үлкен сенім көрсетіп, түрлі қызметтерге тағайындап келе жатыр. Соның барлығында білімімді, тәжірибемді, күш-жігерімді Елбасының сенімін ақтауға тырыстым. Жаңа қызметте де осы мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді, білімімді Елбасының сенімін ақтап, халыққа адал қызмет жасайтын боламын. Ал, енді мына министрлік менің туған министрлігім, он шақты ж…

0
0
486