Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жаңаөзендіктер мемлекет көмегіне дән риза

Елбасы жарлығымен жарияланған Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай 47-ші күн дегенде алынып тасталды. Шет жақтан келген әскерилер мен полицейлер елдеріне қайтып жатыр. Қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті Ішкі істер басқармасының жеке құрамы бақылап жүр.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында бұл шағын шаһардағы төтенше жағдайды ары қарай создырмау туралы шешім қабылдаған болатын. Президенттің шешіміне жергілікті халық қолдау көрсетіп жатыр. Расында қазір қаладағы қалыпты арнасына түсті. Жаңаөзенде құрылыс қарқын алып, коммуналды қызмет барынша жұмыс істеуде. Жергілікті әкімшілік ғимаратының сырты жөндеуден өтті. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауын Жаңаөзен қаласының тұрғындары қолдайды. Себебі, Елбасы алға қойған мақсаттардың бірі - өңірлерді дамыту мәселесі. «Бұл үшін үкімет арнайы бағдарлама қабылдауы тиіс» деді мемлекет басшысы өз жолдауында.

Базархан Қанетбаев Елбасының халыққа Жолдауын әр жылда асыға күтеді. Биыл да қалыс қалмады. «Бұл жолы да Елбасы өзекті мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар жүктеді» дейді Базархан аға. Халықтың көңілінен шыққаны - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «өңірлерде зауыттарды көптеп салып, жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік инфрақұрылымды қарқынды дамыту қажет» деген тапсырмасы.

Базархан Қанетбаев, Жаңаөзен қ. тұрғыны:
Жолдауды теледидардан күнде көріп жатырмыз. Президенттің әлеуметтік жағдайды жақсартуға, адамдардың барлық жағдайын жасауға, мектеп, балабақша салуға, жұмыс орындарын ашуға дегендегі. Әлеуметтік жағдайына көтереміз деп Президент айтып жатыр ғой. Жаңаөзен қаласына көп көңіл бөлінсін, ары қарай дамытсын деп.

Үкіметке тапсырылған Жаңаөзен сияқты бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасында қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту ескерілуі қажет деді Елбасы өз Жолдауында. Әлеуметтік саланың дамуы - халықтың әл ауқатының жақсаруы. Жаңаөзендіктер мемлекет көмегіне дән риза.

Жаңаөзенде бірнеше күннен бері қалың қар жатыр. Тұрғындар аулаларын тазартумен әлек. Тіршілік бұрынғы қалпынша жалғасуда. 

 
0
1
288

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзендіктер мемлекет көмегіне дән риза - Yvision.kz