Асыға күткен Жолдау астыққа да сеп болмақ
Солтүстік қазақстандықтар да Елбасының биылғы Жолдауын асыға күтті. Теріскейлік диқандар өткен жылы қамбаға 9 миллион тоннаға жуық астық құйған болатын. Мемлекет басшының нұсқаған биылғы бағыты да шаруаларды жаңа істерге жігерлендіріп отыр. Шағын қалаларда, елді- мекендерде тұратын жұрт әсіресе, бірсалалы қалаларды дамыту жөнінде жаңа жоспар жасалатынына қуанып отыр.
Дәстен Баймұқанов, серіктестік директоры:
Бұрынғы кездерде болған осындай кішігірім қалаларда өңдеу кәсіпорындары болса, өз өнімімізді жақын жерге апарып, сол жерден дайын тауар ретінде шығарсақ, оны шетелге де шығаруға болады. Ал кішігірім қалаларды көтеру - Президентіміздің Жолдауында айтылған өте бір керекті нәрсе деп ойлаймын.
