Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Маңғыстаулықтардың қуанышы

Бұқараның бағдарын айқындаған - 10 бағыт. Ел Президенті белгілеген даму жоспары әсіресе, халықты жұмыспен қамту мәселесі көпшіліктің көңілін жадыратты. «Қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы да баршаның ойынан шықты» дейді маңғыстаулық ардагерлер.

Имамәди Айналиев, Маңғыстау облысы бойынша кәсіподақтар кеңесінің төрағасы:
Менің көңілімге қонғаны әсіресе,  Маңғыстау өлкесінің, Ақтаудың атын атап кетті.  Ол мынадай мәселеде: жаңағы  оралмандардың, жастардың осы жерде шоғырланған жері - Ақтау қаласы боп есептелінеді. Елбасы мұны атап өтті.
Жолдауда атқарушы билікке жүктелген тағы бір міндет - қатерлі ісік ауруларын азайтып, өлім-жітімді шектеу. Қазір Маңғыстауда осы дертпен күрес шаралары қолға алынған. 100 төсектік облыстық онкология диспансерінің құрылысы биыл аяқталады деген жоспар бар. Бұл тапсырманы облыс дәрігерлері қуаттап отыр.
Бәкен Байназаров, облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері:

Денсаулық сақтау саласында  бүкіл ел бойынша үлкен, күрделі  мәселе қатерлі ісікке  қарсы күрес және оны  жақсарту жөнінде елбасы Үкіметке тапсырма берді. Бұл біздің елімізде қалыптасқан жағдайға сәйкес сапалы, мамандырылған көмек көрсету бағытындағы өте орынды шешім болды деп есептейміз.

0
0
348

Осы тақырып бойынша

Маңғыстаулықтардың қуанышы - Yvision.kz